Тойым ЖҮНІСОВ. Жақсыны ұмытпайық ағайын!
Опубликовано: 08.05.2020Бердібай Батманұлының (топырағы торқа болсын) болғанын мен бүгін мақтанышпен ерекше атап айтқым келеді (осындай кісімен қызметтес болғанымды). Бұл, әрине, ол кісінің азаматтық, адами болмысының жай кішкене ғана бір көрінісі деуге болар, бірақ ол өте үлкен, адами құндылықты аңғартатын, аса бәтуәлі (принципияльно), салмақты көрініс екені даусыз. Мен Бәкеңмен кейін де басқа шаруашылықта бірге қызметтес болуға тура келді. 1966 жылдың соңына таман сол кездегі Киров аудандық партия комитетінің шешімімен «Өзбекстанның 40 жылдығы» совхозына бас инженер етіп жіберген болатын... О, аруағыңнан айналайын, Беке! Әрине, сіздің ел үшін, халқыңыз үшін жасаған қыруар еңбегіңізді бүгінгі өркениетті елдердегі әдіспен есептессе, сіздің артыңызда ұрпақтарыңызға қалатын дүние көлемі миллиондаған доллар болып тұратыны даусыз еді.