Калимаш БАТМАНОВА. Өнегелі Ұстаздар

Ия, осыдан 5 жылбұрын Алматы қаласында, соңғылардың қатарында болып физика – математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды.

Бізге осы мектепке түсу, оқу бақыты бұйырылыпты. Әлі есімізде бұрынғы оқыған мектебіміз құжаттар жинаған да көп кедергі келтіргені. Сонда да алған бетімізден қайтпай құстай ұштық.

Қателеспеппіз. Тау самалы бетіңді нәзік сипаған, биікте орналасқан әсем мектеп бәрімізді қуантты. Жаңадан салынған мектеп, керемет орта, өзгеше білім беру әдістемелерімен ерекшеленді.

Әсіресе ұстаздар қауымы сараланып таңдалған екен. Бірінен-бірі бірегейлі еді. Солардың ішінен атап өткімкелгені география пәнінің мұғалімі Баян Аскербекқызы Бірімқұлова болды. Ұстамды, білімді, әр оқушының жүрегіне жол таба білетін шебер ұстаз. Біз орыс сыныбында болдық. Орыс сыныптары үшін география пәні қазақ тілінде жүрді. Сондықтан география пәні біз үшін 1-ші сыныпқа келгенмен бірдей болды. Үйде баламызбен бірге сабаққа дайындалатын едік. Бірақ қанша үйде дайындалғанмен, мектепте ұстаздың бағыт-бағдарының, бейімдеуінің, білімге деген құштарлықты арттыруы үстем болмаса, оқушыға пәнді алып кету қиынға түсереді. Міне осы жерде Баян Аскербекқызының орны ерекше болды. Баян Әскербекқызы әрбір балаға өзінің ішкі ойын, біліммен ұштастырып жеткізе білуді уйретті.

Сүйтіп осы 5 жылда әрбір оқушы өз ойын қазақша ойлап қана қоймай, оны жазбаша жеткізе білетін дәрежеге жетті. Бұл ұстаз бен шәкірттің интеллектуалды тандем іеді. Баян Әскербекова жалғыз өз пәнін жеткізумен шектеліп қалмады, ол жаз айларында, яғни демалыс уақытында да балаларды саяхатқа шығуға баулыды. Соның бір айғағы, мақтанып та, мақтанышпен айтуға болатын 2 жыл қатарынан біздің мектептің оқушылары үшін "Менің қалам Алматы" атты - экспедиция саяхатты 10 күндік мерзімге, табиғат аясында қиындықты жеңіп, төзімді болуға бағыттайтын сапарлардың ұйымдастырылуы.

Бұл теңдесі жоқ жоба болды, Республикамыздағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің ешбіреуінде кездеспеген. Атап өту керек жобаның тегін болғандығын. Оның бәрі Баян Әскербекқызының тікелей ұйымдастыруының арқасында мүмкін болды. Балалар Іле Алатау бөктерінде, щатқалдардарда саяхатта болды. 10 күн бойы тау мен тасты тамашалап, көптеген мағлұматтар жинады. Олар, шатыр қүрып, жинауды, тауда тамақ пісіруді, саяхатшылар үшін құнды тауда жүру ережелерін үйренді. Ал жақында Баян Әскербекқызының ұйымдастыруымен біздің мектептің оқушылары, ұстаздары, ата-аналары бірнеше дүркін саяхатқа шықты.

Сиқырлы да, таңғажайып Әнші құм, Алтын емел, Көшпенділер қалашығы, Будданың бейнесі қашалған Тамғалы тас, қырмызы жусаны аңқыған Түрген шатқалы, Сақ қорғандары, Шарын шатқалы мен каньоны, самалы еркелей соққан Есік көлі.

Міне осылардан кейін ұстаздың бейнесін өзіңіз де ерекше жанға теңейсіз. Теңеп қана қоймай, мойындайсыз, бір адамның бойында тамаша-тылсым әсемдіктің, биіктіктің, білімділіктің жиналғанын.

Керемет! Баян Әскербекқызы біз сізді мақтантұтамыз, балаларымыздың сіздей үстаздан тәлім алғандығына!

Рахмет сізге, Ұстаз, қарапайым кеңжүректі сұлу жан!!!

Улкен құрметпенен - салтанатты мерейтойлы 2019 жылдың мектеп бітірушісінің Анасы.

Рейтинг: 
Средняя: 4.9 (42 votes)