Сіз не дейсіз?

Қазақтың тілі мен дәстүрі

Қазақтың тілі мен дәстүрін білгісі келетін қазақстандықтар саны көбейіп келе жатыр. Мұндай игі өзгерістердің барын «Жағдайатты қазақ тілі» оқулығының авторы Қанат ТАСЫБЕКОВ байқап отыр. Себебі күн өткен сайын оның оқулығына деген сұраныс артып келеді. Бұл жайында автор студияда өткен сұхбат барысында айтты.

VIDEO

 

Танымал саясаткер Қазақстан қоғамы өзгеретініне сенеді

Кейбір қазақстандық саясаттанушылар мен саясаткерлер мемлекеттегі бұқаралық ақпарат құралдары төңірегінде орын алып отырған оқиғаларға алаңдаулы. Белгілі мемлекет әрі қоғам қайраткері Балташ ТҰРСЫМБАЕВ бұл жаман үрдіс деген пікірде.

VIDEO

 

Балташ ТҰРСЫМБАЕВ 70 жасқа толды

Қазанның 24 күні Қазақстанның белгілі қоғам әрі мемлекет қайраткері Балташ ТҰРСЫМБАЕВ 70 жасқа толды. Қазақстанның егемен мемлекет болып қалыптасуына ат салысқан Балташ Молдабайұлының мерей тойы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Соңғы 25 жылда қол жеткізген жетістіктер мен жіберген қателіктер жайында Балташ Молдабайұлы студияда өткен сұхбатта айтып берді.

VIDEO

12 –ші Халықаралық Kazakhstan Open: Жауынға бой бермеген спортшы

Кеше ғана гольфтан 12 –ші Халықаралық Kazakhstan Open турнирінің  жүлдегері анықталды. Жүлдеге 38 жасар Бирмингем қаласында туып-өскен Сэм Уолкер ие болды. Ол 270 соққы беріп (-18), жеңіске жетті, сөйтіп 72 мың еуроға қол жеткізді. Турнир оқыс жағдайда өтті –  күні бойы жауған суық жаңбыр, кешке қарай нөсер жаңбырға айналды. Спортшыларға бар күшін жинау керек болды…

VIDEO

 

Алматы қандай қала болу керек?

«Жер Ана» қозғалысының жетекшісі  Сәлім ОРАЗАЛИЕВ Алматы қаласының келбеті жақсарып, тұрғындар өз ара тату-тәтті өмір сүрсе деп , армандайды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін, оның пікірінше, күллі қоғам ат салысуы керек болады. Бұл жайында Сәлім ОРАЗАЛИЕВ студияда өткен әңгімесінде айтып берді.

VIDEO

Едіге АҚЖОЛДИН. Трайбализм трагедиясы (толық нұсқа)

Редакцияға (Кала мен Дала редакциясына)  Едіге Ақжолдин есімді оқырманнан хат келіп түсті. Зейнеткер ақсақал бүгінгі жоғары биліктің іс-әрекетін ойласа, түн ұйқысының төрт бөлінетінін жеткізіп, әсіресе, елде трайбализм дертінің ушығып тұрғанын ашына жазыпты. Автор өз мақаласында белгілі бір рулардың және ірі қызмет атқаратын шенді-шекпенділердің есім-сойларын анық көрсетіп, ірі кландар арасындағы талас-тартыстың түп қайнары  – рушылдық, жершілдік деген байлам жасапты. Мақаланы қысқартып жариялап отырмыз. Егер қарсы тараптың айтар уәжі болса, мәрхабат!

«Нөлдік төзімділік» саясат нәтижесін қазақстандықтар алдағы 5-10 жылдау көруі мүмкін

Соңғы жылдары Қазақстанда «нөлдік төзімділік» принципының саясаты енгізіле бастады. Алайда мамандардың айтуынша, мемлекет азаматтары бұл саясатты жүзеге асыруға айтарлықтай дайын емес. Оның түрлі себептері бар.  Бұл туралы әңгіме «Стратегия» қоғамдық қорының маманы Серік БЕЙСЕМБАЕВПЕН болады.

VIDEO

Қазақстандықтар жемқорлықты жоюы керек

Белгілі қоғам қайреткері, танымал саясаткер Балташ ТҰРСЫМБАЕВ Украинада орын алған жағдай Қазақстанда қайталанбайтынына сенімді.
Ең бастысы, қазақстандықтар жемқорлықты жеңуі тиіс. Бұл туралы Балташ ТҰРСЫМБАЕВ арнайы берген сұхбаттында айтты.
VIDEO

Қазақтың батыр қызы – Бибінұр ТЫНЫСБЕКҚЫЗЫ

Қазан айының 24 күні Ұлы Отан соғысының ардагері Бибінұр ТЫНЫСБЕКҚЫЗЫ 90 жасқа толады. Бибінұр ТЫНЫСБЕКҚЫЗЫ 16 жасынан соғысқа қатысқан, бейтбітшілік орнатылғанда экономист болып жұмыс істеген. Зейнеткер жасына жеткенде қоғамдық жұмыстармен шұғылданып, ардагерлерге көмектескен. Күні бүгінге дейін ардагер елге көмектесуге дайын. Бұл туралы Бибінұр ТЫНЫСБЕКҚЫЗЫ журналисттермен болған әңгіме барысында айтты.
VIDEO

Әлем социалисттері Астанада Ресей мен Украина жағдайын талқылайды

Қыркүйектің 15-16 күндері Астанада көптеген елдің социалисттері бас қосады. Онда олар Ресей мен Украина арасында қалыптасып отырған жағдайды талқылап, шешу жолдарын іздейді. Өз әріптестерін Жалпыұлттық социал-демократиялық партия жетекшілері мен мүшелері қарсы алады. Бұл туралы партия жетекшісі Жармахан ТҰЯҚПАЙ бізге берген сұхбатында айтты.
VIDEO

Страницы