Сіз не дейсіз?
Қазақстан қоғамын толғандырып отырған діни экстремизм мәселесін қалай шешуге болады? Оның шығу себебі неде? Естеріңізге сала кетсек, қырқұйектің 15 күні YouTube арқылы Сирияға кетіп қалған бір топ қазақстандықтар көрсетілді. Бұл бейнекөрініске аң-таң болған қазақстандықтардың кейбірі сол азаматтардың арасынан өз туыстарын таныған болатын. Қазақстандықтардың дінге қалай бет бұрғаны жайындағы әңгіме танымал журналист әрі қоғам қайраткері Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАММЕН болады.Әңгіме журналисттің жаңа шыққан кітабінен басталады.
VIDEO
Қазақстандық кәсіпкер Аян ТЕМІРӘЛІ "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындалып жатыр. Онда ол қатысушыларға экологиялық таза отын көзін көрсетеді. Келер жылы бұл отынды шығаратын зауыт іске қосылады. Қазақстандықтар әлем мамандарын таң қалдырған отын көзі қандай? Бұл отын экологиялық жағынан қаншақлықта таза? Осы жайында әңгіме Аян ТЕМІРӘЛІМЕН болады.
VIDEO
Бақылаушылар көптен күткен «Нұр Отан» партиясының құрылтайы өтіп кетті. Бұл басқосуда көтерілген мәселелерді, қабылданған шешімдерді саясаткерлер мен саясаттанушылар әртүрлі бағалап отыр. Осыған байланысты біз Қазақстандағы оппозициялық ұйым саналатын, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия жетекшісі Жармахан ТҰЯҚБАЙДЫҢ пікірін білген едік.
Қырқұйектің 30 күні бір топ жас балалар мен қыздар Алматыдағы КазИнвестБанктың бас ғимаратының алдына жиналып, пикет өткізді. Онда олар «Нәзік жандарды қорғайық!» деген бастама көтерді. «Болашақ» атты жастар қозғалысының мұндай шара өткізуіне «КазИнвестБанк» акционерлерінің бірі Дархан Ботабаевтың «Эйр Астана» офисінде қызметкер қыз Нұркенжегүл Байғазиеваға қол жұмсап, балағаттап, күш көрсетемін деп қорқытқаны себеп болған. «Болашақ» жастар қозғалысының өткізген шарасы жайында және қозғалыстың бүгінгі жұмысы туралы әңгіме қозғалыс жетекшісі Дәурен БАБАМҰРАТОВПЕН болады.
VIDEO
Қырқұйек 11күні Қазақстанның танымал ғалымы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал ОРМАНТАЕВ 77 жасқа толды. Болашақ өмірін академик Қазақстанның педиатрия саласын дамытуға арнауды көздеп отыр. Осы мақсатта еңбек етіп, күресуге дайын. Қазақстандағы педиатрияның бүгінгі жағдайы жайында әңгіме Камал ОРМАНТАЕВПЕН болады.
VIDEO
«Жұмысшылар» қозғалысының жетекшісі Сахып ЖАҢАБАЕВА қазақстандықтардың болашағына сенетінін айтады. Бұл болашақ жарқын болу үшін, оның пікірінше, қазақстандықтар өз құқықтарын қорғай білу керек.Сахып ЖАҢАБАЕВАМЕН әңгіме әлеуметтік жағдайға арналды.
VIDEO
Жастар арасында танымал жас ақын Мақпал МЫСА үстіміздегі жылы 30 жасқа толады. Осы уақытқа дейін оның екі кітабі жырыққа шығып, үлкен сұранысқа иеболған. Жас ақыннын өзіне қояр талабы зор. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері пайда болған ақындар қандай? Оларды бүгінгі таңда не толғандырады? Бұл туралы әңгіме жас ақын Мақпал МЫСАМЕН болады.
VIDEO
Абай, Мағжан, Сәкен сияқты ақындарымыз ағылшын тілінде қашан сөйлеуі мүмкін?Қазақтың заңғар жазушылары қалдырып кеткен ой әлем тілдеріне қашан аударылуы ықтимал? Бұл туралы әңгіме жазушы әрі аудармашы Мәлік ОТАРБАЕВПЕН болады.
VIDEO
Рамазан айының аяқталуына санаулы күндер қалды. Мамандардың айтуынша, жыл сайын ораза тұтушылардың саны артып келе жатыр. Тамыздың 3 нен 4 қараған түні мұсылмандарға қасиетті Қадір түні басталады. Ораза ұстаған қазақстандықтардың саны қаншалықты көбейді? Дін қазақстандықтарды біріктіру үшін не істеу керек? Бұл туралы әңгіме Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының қызметкері Алдажар СЕЙІТҰЛЫМЕН болады.
VIDEO
Ресми мәліметтер бойынша, Байқоңырда «Протон-М» зымыран тасығышын құрастыру жұмыстары басталды. Бұдан бұрын бұл жұмыстар шілденің 2 күні орын алған апат салдарынан тоқтатылған болатын. Әзірге мамандар соңғы апаттан табиғатқа келтірілген зиян туралы айтып отырған жоқ, ал экологтар бұл зиянды жою үшін біраз уақыт керек деген ойда. Қазақстанның экологиясы жайындағы әңгіме табиғатты қорғаушы Асылхан АРТЫҚБАЕВПЕН болады.
VIDEO
Страницы