Сіз не дейсіз?

Тойым ЖҮНІСОВ. Жақсыны ұмытпайық ағайын!

Бердібай Батманұлының (топырағы торқа болсын) болғанын мен бүгін мақтанышпен ерекше атап айтқым келеді (осындай кісімен қызметтес болғанымды). Бұл, әрине, ол кісінің азаматтық, адами болмысының жай кішкене ғана бір көрінісі деуге болар, бірақ ол өте үлкен, адами құндылықты аңғартатын, аса бәтуәлі (принципияльно), салмақты көрініс екені даусыз. Мен Бәкеңмен кейін де басқа шаруашылықта бірге қызметтес болуға тура келді. 1966 жылдың соңына таман сол кездегі Киров аудандық партия комитетінің шешімімен «Өзбекстанның 40 жылдығы» совхозына бас инженер етіп жіберген болатын... О, аруағыңнан айналайын, Беке! Әрине, сіздің ел үшін, халқыңыз үшін жасаған қыруар еңбегіңізді бүгінгі өркениетті елдердегі әдіспен есептессе, сіздің артыңызда ұрпақтарыңызға қалатын дүние көлемі миллиондаған доллар болып тұратыны даусыз еді.

 

 

 

 

 

 

 

Мырзағали КЕНЖЕМҰРАТОВ. Суды сапырған «Орхан» және жерді жоғалтқан министрлік

Иә, бұған дейін қызмет еткен Ішкі істер министрлерінің ешбірінің бұл жерді өз иелігінен шығарып, «Орхан» ЖШС-ның меншігіне немесе оған жалға беру ту­ралы бұйрығы болмаған. Айтпақшы, бұл аймақ­ты да Қазақстан Республикасы Прези­денті Н.Назарбаевтың Жарлығы бойынша Ал­маты облысы аумағынан Алматы қала­сы­ның аумағына қосқан кезде құжаттарды тексеру мен түгендеу жұмысы басталды. Сол кезде Ішкі істер министрлігі де бір кездегі қосалқы шаруашылығында болған жерге қатысты осындай тексеру жүргізген. Сонда өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дар ортасында тұтас бір гектар алқаптың «жоғалып кеткені» анықталды. Демек, жиырма жылдан астам уақыт «Орхан» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінде суды сору мен сатуға заңды негіз болмағаны ғой. Тіпті ол әрекетін жер қала аумағына қосылып, заңсыздық анықтал­ғанда да жалғастырып отырғаны қалай? Ал осыншама уақыт жерді заңсыз пайдалану мен одан пайда табу мысалына неге еш мекеме назар аудармаған? Қашан тау жырымдалып, жолдың шеті жыраға айна­лып, қоғам дабыл қаққанша?!

Қиындықтарды жеңе білетін Кенжеғұл СЕЙТЖАН

6 жасында көру мүмкінгігінен айырылған Кенжеғұл СЕЙТЖАН әлем елдерін аралап, сол жерлерге анасын, отбасын апаруды армандайды. Қазіргі кезде ол мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, көптеген биіктерді бағындырып жүр. Спорттан өзге 35 жасар Кенжеғұл СЕЙТЖАН әдебиет, музыканы жақсы көреді, 4 тілді менгергеріп, үлгерген. Спортшы жігіт өз армандары мен жоспары жайында студияда өткен әңгіме барысында айтып берді.

VIDEO

«Фениксті» кім тірілтеді?

Режиссер Талғат Жәнібековтың «Феникс» атты фильмі әлі  түсіріліп, көрермен назарына ұсынылып үлгермесе де, бұл туынды төңірегінде дау көп. 2012 жылы өз бастауын алған жоба қашан мәресіне жетері әзірге белгісіз. Оның себебін фильмнің продюсері Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ студияда өткен сұхбатта айтып берді.

VIDEO

 

Қазақстандық бас оқырманның ойлары

Танымал қазақстандық журналист Ермұрат БӘПИ көп жылдан бері ерекше бір қызмет атқырып келеді. Ол оппозициялық басылымның  бас оқырманы. Бұл қызметтің қыр-сыры жайында, қазақстандық журналистика туралы Ермұрат БӘПИ студияда өткен сұхбатта айтып берді. 

VIDEO

Қазақстан қоғамындағы мәселелер

Қазақстан қоғамында орын алып отырған түрлі оқиғаларға өз бағасын беріп, ашық пікір білдіретін саясаткерлер көп емес, сондай азаматтардың бірі Әміржан ҚОСАНОВ. Мемлекеттегі түрлі өзгерістер мен мәселелер жөніндегі ойын саясаткер студияда өткен сұхбатта ашық айтты.

VIDEO

Киногерлердің съезі не болмақ?

Кино саласын зерттеп жүрген бақылаушылар қазақ киносы дағдарыс үстінде дегенді айтады. Бұл жағдайды кинематографисттердің өздері де мойындап отыр. Сол себептен олар тығырықтан шығу жолдарын іздеп жүр, сондай азаматтардың бірі  Қазақстан кинематографисттер Одағының мүшесі Ғали МЫРЗАШЕВ. Өз ойын Ғали МЫРЗАШЕВ студияда өткен сұхбатта айтып берді.

VIDEO

Онколог Данияр УРАЛБАЕВ: Рак ауруының бірінші сатысында айығып кетуге толық мүмкіндік бар

Қазақстанда онкологиялық ауруға шалдыққандар саны жыл сайын артып келеді. Оған басты себеп шалғай орналасқан ауыл тұрғындары дер кезінде скринингтен өте бермейді. Ауру асқынып, денсаулығы сыр бере бастағанда дәрігер көмегіне жүгінеді.

Страницы