Қазақстан қоғамының бірлігі үшін не керек?


Қазбек ИСАМЕН сұхбаттасқан журналист Гүлмира ҚАМЗИЕВА
Видео на YouTube.
Рейтинг: 
Средняя: 5 (1 vote)

Комментарии

Казбек нагыз патриот!

Хорошо свою партию хвалит. Убежденно; ))) Только вот до Алаш Орды у вас интеллекта не хватет Казбек-ага. В целом у вашего руководства и у вас лично. без обид.

Қазыбек Иса елдің тұтастығы турасында ауызын ашпай-ақ қойсын. Қоңыраттардың басын қосып Жетісайдағы Жұмабек Мұханов деген журналистті ит қосып қуды гой ол. Жұмабек Мұхановтың бар кінәсі руы Адай еді, Ол Әйтеке бидің ескерткішін Жетісайға қойған еді. Енді Әйтеке сол жерде қайтыс болған гой. Сол Жұмабек Мұхановтың соңына түсіп алды осы Қазыбек Иса. Жетісайді қоңыраттардың жері кіші жүзгее жоқ деп Мұхановты тухан жерінен қуып жіберді гой. Енді келіп қазақтың тұтастығы турасында ұялмай қызармай әңгіме айтып отыр.

Қазыбек Иса Ислам Әбіш деген шенеуніктің ағайына емес пе? Сойып қаптап қойған сияқты екен

Қазыбек Иса нағыз азамат. Орыс тілін Ата заңнан алып тастау туралы Ашық хатты осы кісі жазған. Бибігүл Төлегенова , Қыдырәлі Болманов біз қол өойған жоқпыз деп қазақты сатып кеткенде, Айдос Сарымдар хатты мен жазған жоқпын деп жалтарғанда Осы Қазыбек Иса Ашық хатты мен жаздым, басымды кесем десең кесіңдер деп қасқайып қас батырша тұрды емес пе? Сонда кім батыр? Оппозицияның сатып кеткен Тоқтар Әубәкіров пе, Шахановты сатпай қорғап қалған Қазыбек Иса ма? Түсінген адамға осының өзі Қазыбек Исаның батыр екенін сөздіреді.

Қазыбек Исаның сатқындығына жөн жоқ Ол Айталы, Ханбибі сияқты асыл азаматтарымызды сатып, Азат Перуашевқа жақтасып кетті ғой. Оны осы сатықындығы үшін Ақжол партиясының орынбасары болып алды. Сөйтіп қазақ патриоттарын сатып кеткен адамды экранға шығарып қойыпсыңдар. Мынау заман сатқындықтың, екіжүзділіктің заманы болды ғой.

Қазыбек ешкімді сатып көрген жоқ. сатты деп, сатқындардың өзі жала жабуда. Сатса кеше ғана Айталы "Қазыбек Иса парламентті дүр сілкіндіріп, жабуын жұлып алды" деп мақтай ма? жұмабек мұқанов сияқты елді, өмірі бөлінбеген үш биді бөлген, әйтекенің атын саудаға салып, кесенеге көк тиын қоспай, елдің миллиондарын жеп қойған нағыз рушыл алаяқты әшкерелегені үшін бүкіл оңтүстік, мұқановтың жаласына ұшырап, зардап шеккен туыстарының өзі әлі күнге дейін Қазыбекке рахмет айтуда. Бұл - шындық!

Қазыбек Иса - нағыз ХХI ғасырдағы Алаш арыстарының жарқын бейнесі! астанадағы күзде өткен Алаштың 95-жылдығына арналған конфрненциядағы Қазыбектің жалынды сөзі халықты бір серпілткен сөз болды. Алаш туралы кім-көрінген емес, осындай зиялы, интеллектуал қайраткер, нағыз ұлтшыл ақын сөйлеуі керек.

Солай ма?

2004 жылы парламентте қазақ тіліне қарсы шыққан депутаттардың стенограммалық тізімін "Жас қазақ үні" (қазіргі "Қазақ үні") газетінде жариялап жіберіп, сенсациялық бомба жарған осы Қазыбек Иса еді...

Иә, ол тізімді кейін көп газеттер көшіріп басты. Қазыбектің ерлігін Жазушылар одағына жиналған зиялылар жоғары бағалап, Сенат пен Мәжіліске Ашық хат жазды.. Сол кезде Шерхан Мұртаза "Егемен Қазақстанның" өзінде "Кімнің кім екенін білгің келсе, "Жас қазақ үні" газетін оқы" деп жазды....

Өткір мақалаларын оқып жүрміз Қазекеңнің. Өлеңдерін қайдан оқуға болады?

Неге мына сайттың сағаты Астанадан айырмашылығы үлкен? Мәскеудің уақытымен жүре ме әлі немене?

Қазыбек Исаның өлең-мақалаларын "Қазақ үні" газетінің www.qazaquni.kz сайты мен www.kazybekisa.kz жеке сайтынан оқуға болады.

Әй қазыбек. Өзін өзі мақтаған өгіз тентек. Жетісайдағы Мұханов деген жалғыз адайды сыйғызбадың. Енді ұлттың қамын ойлап қапсың. Мынауың нағыз екіжүзділік, Қоңыратшылық, жатқан былық-шылық.

Қазбек Исаға қатысты пікір айтқандардың барлығы "Қазақстан қоғамының бірлігі үшін не керек?" деген Гүлмира Қамзиеваның сұқбатын видеодан көрген болар деп ойлаймын.Бұл видео емес мәтін болса онда журналист өңдеген дер едік. Журналистің сұқбат алған адамның аузына сөз салып, қырнап, жонып, артық кемін алып дегендей жұмыртқадай теп-тегіс жұмыр етіп шығаратыны қақ. Араларыңызда газетші журналистер бар болса тіпті сұқбат берушіге журналистің өз жанынан идея қосып дегендей оның жағымды бейнесін жасай алатынын біледі.Ал, бетпе-бет сұқбатта олай жасау қиын. Сондықтан видеода Қазыбек Иса бүкіл болмысымен көрінген. Журналистің барлық сауалына іркілместен жауап берді.Тіпті кейбір құйтырқы сауалына да.Көзбен көріп, құлақпен естіп отырып Қазыбектің интеллектісі төмен деп қалай айтуға болады?Батырхан деген азаматтың пікір өте дұрыс.Одаққа мүше 700 ақын-жазушының арасында "Алаш" идеясы үшін күресіп жүргендері саусақпен санарлықтай. Бұдан 20-25 жыл бұрын Қазыбек Иса сыршыл өлеңдерімен поэзия әлеміне еркін енген еді.Әдебиеттегі орнына да ешкімнің таласы жоқ.Ақын болумен қатар азамат болуды парызы санайтындардың қатарында келеді. Нарық заманында жеке газет шығармақ түгілі нанын әзер тауып жүрген ақын-жазушы да,журналис те жетерлік. Мұндай істі ілкімді жандар ғана жасай алады.Қазыбектің осындай да қасиеті бар деп ойлаймын. "Алаштың" идеясы мен асыл армандарының жүзеге асуына теңізге қосылған тамшыдай болса да үлес қосуда.Махамбет деген азамат та оның ерлікке пара-пар ісін жақсы айтқан екен."Алаш" партиясы айтылмайтын кеңес заманында ауылдағы үлкендер өнегелі адамдарды "Алаштың азаматы екен"деп алқап жатқанда оның мағынасын түсіне бермеуші едім. Халық санасынан "Алаштың" ешуақытта да өшпегеніне дәлел көп.Қазыбекке де осындай баға берер еді Осы сөздің ойымда сақталуына ықпал еткен біздің ауылдың сол бір ақсақалдары қазір тірі болса.Кім кімнің де адамның руы мен жүзіне тіл тигізуге қақысы жоқ."Қоңыраттардың басын қосып, немесе Ислам Әбіштің туысы" деген не сөз.Туысы болсын делік, кімде қандай туыс жоқ?!Ислам Әбіш шенеуніктер арасында сирек кездесетін "ұлтым", "тілім" дейтін азаматтардың бірі.Өскеменде әкім болған кезінде қаланы қазақшалағанын бәріміз де білеміз.Өзімнің қай рудансың дегендерге айтар жауабым біреу-ақ.Мен ҚАЗАҚПЫН деймін! Жұбан ағамыз жырлағандай.Ұлттық идея деген осы. Біз сапамыз болған мен санымыз аз ұлтпыз. Сабыр Адай бауырымыздың "Әр қазақ менің жалғызым!" дегені де ұлттық идея! Осы жадымыздан шықпаса шіркін!

Сен атын атай алмайтын "нейзвестный" құл! Қатын сияқты өсек айтуыңның дәлелі өзің білмейтін нәрсені оттайсың. Мұқанов деген алаяқ Жетісайда өмірі болмаған, ол Түркіменстаннан тіке Шардараға келіп, 50 жылда елді бұзып, іріткі салып, қазыбек әшкерелеген соң, қашып кетекен рушылдың нақ өзі.

Белгілі журналист Бейбіт Жұмажан өзінің қара қылды қақ жаратын қаламын тағы да бір көрсетті. Қазыбек ағаға дәл баға берді деп ойлаймын. Тасадан тас атып, жала жауып, коммент жазушылардың үні өшкен шығар... Рахмет, Бейбіт апай.

Сен атын атай алмайтын "нейзвестный" құл! Қатын сияқты өсек айтуыңның дәлелі өзің білмейтін нәрсені оттайсың. Мұқанов деген алаяқ Жетісайда өмірі болмаған, ол Түркіменстаннан тіке Шардараға келіп, 50 жылда елді бұзып, іріткі салып, Қазыбек әшкерелеген соң, қашып кеткен рушылдың нақ өзі.

Жарайсың, Қазыбек Иса!

Сұқбат бергесін осылай Қазыбек бауырым секілді шеге қаққандай шебер бере білу керек.

Жарайсыз, Қазыбек аға, жастар барлық ұлттық бастаманы, алаш деп ұрандаған саяси ерікті қадамдарды қолдайды.

Алаш ізбасарларына Ақ жол! Қазыбек Иса қанатың талмай қияға самғай бер!

Өткір тіл, терең ой, батыл жүрек! Ақын жүрек! Шешендігің мен көсемдігің қатар екен, бауырым, Қазыбек!

Енді осы ағамызға ілесіп біз де бір шаруа тындырсақ ертеңгі буынға ашық жаржын қарар едік қой. Жастарға тек ұлт мүддесіне қатысты ғана жолда тынбай тер төгуі керек. Дәл қазіргі қысылтаяң тұста аянбай, қарын қамы емес ұлт қамы үшін алға басу керек. Еңбегім еленбей қалады деп, пейілден тарылған жарамас.

осы біздер қашан бір біріміздің артымызды ашуды қояр екенбіз? ооо соры бес елі жұртым, өз сорыңды өзің жасап отырасың ғой, қазақты құртқан қазақтың өзі екен көп жағдайда, осы ел алдындағы ағаларға үнемі өсек сөздер қардай борап жатады, сайқымазақтар да айтылады, ешқашан алтынымызды қадірлеп өтпейтін болдық қой, бабамыз осылай етіп пе еді әлде, жжоооқ, Алаш рухын қорламаңдар, көрде жатқан бабалар аруағы да тыныш жатсыншы!!!