Сіз не дейсіз?
Санаулы күндерден кейін ресми Астана Еуразиялық Одаққа мүше болу туралы құжатқа қол қояды. Бақылаушылардың пікірінше, одаққа мүше болғаннан кейін қазақстандық БАҚ-тардың жағдайы нашарлауы мүмкін, себебі салада жасалмай жатқан жұмыс көп. Қазақстанның мемлекеттік телеарналары қазақ тілінің мүддесін қаншалықты қорғап отыр? Бұл телеарналар көрермендерінің қатарын көбейту үшін не істеу керек? Осы жайында әңгіме танымал журналист Ораз ӘЛІМБЕКОВПЕН болады.
VIDEO
Украинадағы жағдай Қазақстанда қайталанбас үшін ресми Астана не істеу керек? Алдағы болашақша Қазақстанды не күтіп тұр? Бұл туралы әңгіме Қазақстанның Коммунисттік партиясының жетекшісі Ғазиз АЛДАМЖАРОВПЕН болады.
VIDEO
Сәуірдің 2 күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партия жетекшісі Жармахан ТҰЯҚПАЙ Қазақстан президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА ашық хат жолдады. Онда оппозициялық партия жетекшісі Еуразиялық одақ құру жөніндегі келісім шарттарын қоғам талқылауына ұсыну керектігін айтты. Аталған ұсыныс қаншалықты іске асады? Бұл жайында әңгіме хат авторы Жармахан ТҰЯҚПАЙПЕН БОЛАДЫ.
VIDEO
Бақылаушылар көктемдеАҚШ долларының бағамы тағы өсуі мүмкін дегенді айтып отыр. Қазіргі кезде 1 доллар 185 теңгеге бағаланса, бұл баға көктемде 195-200 теңгеге өсуі ықтимал. Құнсызданған теңгенің болашағы қандай болады? Бұл ақша шын мәнінде қанша пайызға арзандады? Бұл туралы әңгіме экономика ғылымдарының кандидаты Сахып ЖАҢАБАЕВАМЕН болады.
VIDEO
Көктемнің алғашқы айында Қазақстанның Жалпыұлттық Социал-демократиялық партиясы арнайы құрылтай өткізуді жоспарлап отыр. Бұл шара барасында ресми Астана мен оппозиция өкілдері бас қосып, мемлекеттегі өзекті мәселелерді талқылауы тиіс. Ұйымдастырушылар осындай жоспар құрып отыр, бірақ бұл жоспар қаншалықты іске асады? Үкімет пен оппозиция бас қосқан жағдайда қандай мәселелір көтерілуі тиіс? Бұл туралы әңгіме танымал саясаткер Серіболсын ӘБДІЛДИНМЕН болады.
VIDEO
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда бір топ мерзімді басылым интернет-платформаға көшеді. Кейбір басылым мүлдем жабылады. Бұл өз кезегінде бір топ мамандардың жұмыссыз қалуына әкеледі. Мұндай өзгертулер не себептен туындап отыр? Бұл жайында әңгіме танымал журналист Ораз ӘЛІМБЕКОВПЕН болады.
VIDEO
Қазіргі Қазақстан үкіметінің тағдыры қандай болады? Қазақстандықтарды қандай саяси өзгерістер күтіп тұр? Саяси партиялардың жағдайы қалай? Бұл туралы әңгіме танымал саясаттанушы Бөріхан НҰРМҰХАМЕДОВПЕН болады.
VIDEO
Қазақстан жастары арасында қандай идеология жүргізу керек? Саяси партиялар жастармен қалай жұмыс жасау тиіс? Бұл туралы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жастар қанатының жетекшісі Тазабек СӘМБЕТБАЙМЕН әңгімелесеміз.
VIDEO
Қазақстанның бір топ жазушылары Ақ Орданың жауабын күтіп отыр. Қазанның 31 күні олар Қазақстан президентіне хат жолдаған болатын. Бұл құжатта қаламгерлер Жазушылар одағына жаңа төраға сайлануына ықпал етуін сұраған еді.Хат жауапсыз қалса, жазушылар баламалы одақ құруды көздеп отыр. Бұл жайында әңгіме хат авторларының бірі, танымал жазушы Дулат ИСАБЕКОВПЕН болады.
VIDEO
ТМД мемлекеттері арасында Қазақстан оқырмандары санымен бесінші орынға ие болып отыр. Мұндай қорытындыға арнайы зерттеу жүргізген мамандар қол жеткізген. Қазақстан оқырманы көп мемлекет болу үшін не істеу керек? Оқырманды қалай қызықтыруға болады? Бұл туралы әңгіме жазушы Нұрғали ОРАЗБЕН болады.
VIDEO
Страницы