Сіз не дейсіз?
Интернеттегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының саны соңғы 4 жылда 6 сайттан 25 сайтқа дейін өскен. Енді әлеуметтанушылардың пікірінше, бұл басылымдар сапасын жақсартуы керек. Мұндай қорытындыға олар арнайы жүргізген зерттеуінің нәтижесінде келген. Қазақ тілді Интернет басылымдардың бүгінгі жағдайы туралы әңгіме әлеуметтанушы СЕРІК БЕЙСЕМБАЕВПЕН болады.
VIDEO
Маусымның 28 күні қазақстандық журналисттер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бүгінгі таңдағы қазақстандық журналистиканың деңгейі қандай? Мемлекеттегі сөз бостандығын қалай бағалауға болады? Бұл туралы әңгіме танымал журналист әрі қоғам қайраткері Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫМЕН болады.
VIDEO
Жаздың алғашқы күндерінде Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Марат ТӘЖИН Астанада тарихшылардың басын қосып, оларды толғандыратын мәселелер туралы әңгіме қозғады. Республикадағы көптеген тарихшылар бұл шараны жоғары бағалап,қолдау білдірді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас ОМАРБЕКОВ мұндай шараға күмәнмен әрі үмітпен қарап отыр. Оның себебі неде? Қазақстандық тарихшылар бұл шарадан не күтеді? Бұл жайында әңгіме тарихшы Талас ОМАРБЕКОВПЕН болады.
VIDEO
Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы әлеуметтік мәселелерді талқылау үшін ел аймақтарын аралауды көздеп отыр. Осы арқылы оппозициялық бірлестік билік пен халық арасында келіссөз жүргізуді жоспарлап жатыр. Мұндай форматтан оппозиция жетекшілері не күтеді? Болашақта партия қандай қадамға жасайды? Бұл туралы әңгіме Жалпыұлттық социал-демократиялық партия жетекшісі Жармахан ТҰЯҚБАЙМЕН болады.
VIDEO
Кезінде орыстың ұлы ойшылы Чаадаев Ресей жөнінде былай деген.
Біздің өзгеше өркениетіміздің ең қайғылы сипаттарының бірі ─ біз өзге жерлерде және тіпті бізден де бетер артта қалған халықтар үшін жауыр болған ақиқаттарды енді ашып жатырмыз. Бұның бұлай болатыны біз өзге халықтармен ешқашанда қол ұстасып бірге жүрмегенбіз; біз адамзат ошағының ешбір ұлы тармағына жатпаймыз; біз Батысқа да, Шығысқа да жатпаймыз, және бізде бұлардың ешқайсысының дәстүрі жоқ. Уақыттың сыртында тұрғандай біз бүкіләлемдік адамзат нәсілінің тәрбиесінен ада қалғанбыз.
Меніңше, біздің бірінші хабарымыздың кейіпкері Өтежан Нұрғалиев осы тұжырымды қазаққа бұрып, өз ұлтының мәдениетін әлемдік мәдениетпен жақындастыруға бүкіл ғұмырын арнаған. Сонымен, біздің хабарымыздың тақырыбы «Өтежан мен Гомер».
VIDEO
Балаларға арналған «Жасұлан» атты қазақ тілінің оқулығы қоймада жатыр. Оның авторлары бұл оқулықты несие алып, өз ақшасына шығарған. Қазіргі кезде олар кітапті балаларға қалай жеткізетінін білмей, тығырыққа тіреліп жатыр. Халықаралық стандарт бойынша әзірленген қазақ тілінің оқулығы неге өз оқырманына жетпей отыр? Өз ниетімен бар күшін, білімін салып кітап шығарған азаматтар неге қиналып жүр?Бұл туралы әңгіме кітап авторлары Күпән ЕРМЕКОВА және Сымбат ҚАДЫРМЕН болады.
VIDEO
Нұрбосын ӨРІСҰЛЫ Қазақстанның танымал сүретшілерінің бірі. Өз өнерімен өзге елді таңғалдырған суретші, әдеттегідей ізденіс үстінде. Бүгінгі таңда суретшінің «Антистресс» жобасы үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұл жоба арқылы шебер қандай ойды жеткізгісі келеді? Қазіргі заман өнері қазақстандықтар арасында қаншалықты танымал? Бұл өнер сұранысқа ие болу үшін не істеу керек? Бұл туралы әңгіме суретші Нұрбосын ӨРІСҰЛЫМЕН болады.
VIDEO
Мемлекеттік телеарналар сынға алынғаннан бері бұл салада кейбір өзгерістер пайда бола бастады. Кейбір арналар ескі бағдарламалардың орынына жаңа бағдарламалар шығарып жатыр, ал екіншілері арнайы теле -радиоиндустрияны дамытуға арналған қауымдастық құрды. Жалпы жиі сыңға алынатын Қазақстанның мемлекеттік телеарналары көрерменін қалай көбейтеді? Телеарналарда пайда болған жаңа бағдарламалар мен жаңа жүргізушілер бұл жағдайға қалай ықпалын тигізе алады? Бұл туралы әңгіме саясаттанышу Мұхит АСАНБАЙМЕН болады.
VIDEO
Көкектің 16 күні Мұхтар Шаханов бастаған зиялы қауым өкілдері мен бір топ сарапшылар Алматыда бас қосып, латын әліпбиі төңірегінде әңгіме қозғады. Латын әліпбиіне көшуді қолдап жүр кейбір сарапшылар бұл шараға келмей қалды. Оның себебін ұйымдастырушылардың өздері білмеді.
VIDEO
Осыдан 15 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстан тарихында алғашқы оппозициялық басылым дүниеге келді. Бұл басылымды газетті шығарушылар «ДАТ» деп атады. Халық сүйіспеншілігіне ие болған басылым бір жылға толмай жабылып қалды. Оның себебі неде? Бірінші оппозициялық газетті кімдер және қалай дүниеге әкелді? Бұл туралы газеттің бас редакторы Шаріп ҚҰРАҚБАЕВ және оның орынбасары болған Ораз ӘЛIМБЕКОВ айтып береді.
VIDEO
Страницы