Сіз не дейсіз?

Өнер жолы – қиын жол

Қазақ әні жастар арасында кеңінен тарау үшін арнайы идеология қажет деп, санайды Қазақстанның халық әртісі, күміс көмей әнші Мақпал Жүнісова. Сонда әңшінің пікірінше, қазақ эстрадасының бағы жанып, Батыс елдеріне еліктейтін жастар саны азаяды. Қазақ сахнасында 30 жылдан астам уақытай өңер көрсетіп жүрген тұлғамен болған сұхбатта әңгіме әнші және қазақ әндері жайында болады.
VIDEO

Журналистика сапасын жақсарту үшін Қазақстанға арнайы кодекс керек пе?

Қазіргі кезде Қазақстан үкіметі журналистік қоғамдық ұйымдармен бірлесіп журналистік этика кодексі туралы жобаны әзірлеп жатыр. Журналисттердің бұл кодекске деген көзқарастары әртүрлі. Қабылданатын кодекс қандай болады? Мұндай құжат қаншалықты қажет? Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының бүгінгі жағдайы қандай? Танымал журналист, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіппен әңгіме осы жайында болады.

Астық неге аз болады?

Қазақстанның сегіз облысындағы мамандар егінді жинай бастады. Ресми мәліметтер бойынша, 2012 жылы астықтың көлемі орташа жылдық деңгейде болады. Бұл өткен жылмен салыстырғандай айтарлықтай аздау. Ауыл шаруышылығының мамандары мұны ауа-райының қолайсыздығымен түсіндіріп отыр. Алайда сарапшылардың пікірінше, астықтың аз болуына тек табиғат кінәлі емес. Бұл жайында әңгіме Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевпен болады.

Рамазан айындағы дін туралы ойлар

Жыл сайын Қазақстанда дінге бет бұрып келушілердің саны көбейіп келе жатыр. Ораза айында мұсылман парызын орындаушылар қатарыда толығып келеді. Табиғатынан ислам дініне жақындығы аздау қазақстандықтар діни экстремизмге қалай қарсы тұра алады? 2011 жылы орын алған террористтік шабуылдардың алдын алу үшін не істеу керек? Бұл жайында әңгіме танымал журналист, «Түркістан» газетінің редакторы Шәмшидин Паттеевпен болады.

Қазақстан спортшылары 3 алтынға ие болды

31 шілде күні Қазақстан спортшылары тағы бір алтын медальға ие болды. 63 кг салмақ бойынша сайысқа шыққан қазақстандық ауыр атлет Майя Манеза олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль алды. Қазіргі кезде Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте алтыншы орынға шығып отыр. Республика спортшыларынан күтер үміттері мен қазақстандық спорттың жағдайы жайында әңгіме спорт журналисі Руслан Бахытжанмен болады.

Қазақтың ақыны Надежда Лушникова

Үстіміздегі жылы қазақтың айтыскер ақылы Надежда Лушникова 72 жасқа толады. Ақын бүгінгі айтыс жайында не ойлайды? Зейнетке шыққаннан кейін Надежда Лушникова немен шұғылданып жүр? Осы жайында әңгіме ақынмен болады.

Қазақ сахнасына талғам керек

Қазақ эстрадасында неге Батысқа еліктегіш жастар көп? Қазақ сахнасына халық әндерін қайтару қаншалықты маңызды? Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тлендиев, Әсет Бейсеуов сияқты композиторлар несімен мықты болған? Тәуелсіз Қазақстан сазгерлері неге сондай дәрежеге жетпей келе жатыр? Бұл жайында әңгіме композитор Қалдыбек Құрманәлімен болады.

Қалдыбай Әбенов желтоқсан ызғарын әлі сезініп жүр

26 жыл бұрын желтоқсан айында орын алған оқиғаны шынайы көрсеткен, «Аллажар» фильмінің авторы әрі қоюшы режиссері Қалдыбай Әбенов күні бүгінге дейін қысым көріп келеді. Қазіргі кезде ол түсірген фильм Қазақстанда көрсетілмейді, жаңа режиссерлік жұмыстары үлкен қиындықпен іске асырлады. Көріп отырған қиындықтарына қарамастан, режиссер елден кетпеймін дегенді айтып отыр. Қазақ киносы жайында және «Аллажар» фильмі туралы әңгіме Қалдыбай Әбеновпен болады.

Қазақтың ұлттық-патриоттық ұйымдары қандай жетістікке жетті?

Қазақстандағы ұлттық-патриоттық қозғалыстардың бүгінгі жағдайы қандай?Олар нені көздейді?Ұлттық-патриоттық ұйымдар неге уақыт сынағынан өте алмады? Қазақстандықтар әділ сайлауға қашан қол жеткізеді? Бұл жайында саясаткер, «Ұлт тағдығы» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім өз пікірін ортаға салады.

Шынайы журналистика Қазақстанда қауіпті салалардың бірі

Баспасөзді қорғаумен шұғылданатын қор қаншалықты журналисттерді қорғайды? Қазақстан журналисттерінің ауыз-біршілігі қандай? Қазақстанда журналистикамен шұғылдану қаншалықты қауіпті? Бұл жайында әңгіме «Әділ сөз» қоры жанындағы сараптама орталығының жетекшісі Ғалия Әженовамен болады.

Страницы